ПСЖ Мбаппеге футбол тарихындағы ең үлкен келісім-шартты ұсынды

09.03.2022, 01:52
Париждік клуб футболшыны алып қалу үшін бәрін жасауға дайын.
ПСЖ Мбаппеге футбол тарихындағы ең үлкен келісім-шартты ұсынды

«Пари Сен-Жермен» шабуылшы Килиан Мбаппеге футбол тарихындағы ең үлкен келісім-шартты ұсынды, деп хабарлайды The Independent.

Дереккөздің айтуынша, париждіктер шабуылшыға жылына 100 миллион еуро төлеуге дайын. Футболшыға көз тігіп отырған «Реал Мадрид» французға мұндай ақша беруге дайын емес.

Бұған дейін ПСЖ-ның 23 жастағы шабуылшыға 2024 жылға дейін есептелген келісім-шарт ұсынғаны хабарланған болатын.

Мбаппе ПСЖ сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Париждік клуб шабуылшыны 145 миллион еуроға сатып алған еді. Килианның қазіргі келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×