ПСЖ мен «Ювентус» Давид Алабаны алғысы келеді

11.10.2020, 12:23
Алаба сол қапталда да, орталық қорғаныста да ойнай алады.
ПСЖ мен «Ювентус» Давид Алабаны алғысы келеді

"Баварияның" қорғаушысы Дэвид Алаба "Ювентуспен" немесе "Пари Сен-Жерменмен" келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды Football Italia Tuttosport-қа сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, «Ювентус» футболшы үшін күресте фаворит. Алайда, Париждік клуб та келісімге келеміз деп үміттенеді. ПСЖ 28 жастағы австриялық қорғаушыны «Челсиге» кеткен Тиаго Сильваның орнына алғысы келеді.

Алаба мен оның агенті Пини Захави «Бавариядан» жылына 25 миллион еуро жалақы сұрап, бес жылдық келісімшарт талап етіп отырғаны хабарланды. Кейіннен "Баварияның" құрметті президенті Ули Хёнесс клуб пен футболшы қаржылық талаптарға байланысты жаңа келісімшарт туралы келісе алмайтынын айтты, сонымен қатар Алабаның агенті ашкөз адам екенін де атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×