ПСЖ Неймардың трансферлік құнының қанша екенін айтты

13.12.2020, 01:10
Клуб басшылығы ойыншымен келісімшартты ұзартқысы келеді.
ПСЖ Неймардың трансферлік құнының қанша екенін айтты

"Пари Сен-Жермен" президенті Насер Аль-Хелайфи бразилиялық шабуылшы Неймардың трансферлік құнының қанша екенін айтты.

Sport.es-тің L'Equipe-ке сілтеме жасап хабарлауынша, ПСЖ ойыншыны 100 миллион еуродан төмен ақшаға сатпайды. Сондай-ақ, басшылықтың Неймармен келісімшартты ұзарту мүмкіндігіне оптимистік көзқараста екендігі туралы айтылды. Алайда, қазіргі уақытта келіссөздерде алға жылжу байқалмайды.

Неймар ПСЖ-ға 2017 жылдың жазында "Барселонадан" ауысқан еді. Трансферлік сома рекордтық 222 миллион еуроны құрады. Париждік клубпен бірге футболшы үш рет Франция чемпионы атанды, екі рет ел кубогын жеңіп алды, сонымен қатар Лига кубогы мен ел суперкубогын жеңіп алды. Қазіргі келісімі 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×