Аргентиналық футболшы Лионель Месси мансабын ПСЖ футбол клубында жалғастырады. Бұл туралы париждік клубтың қожайыны Нассер Аль-Хелаифидің ағасы Халиф бен Хамад Аль-Тани өзінің твиттер парақшасында хабарлады.
"Месси мен кейбір футбол клубтары арасындағы келіссөздер туралы қауесет бар. Бұл өтірік. Барлығы шешіліп қойған. Лионель 100% "Пари Сен-Жерменге" ауысады. Месси алдағы 72 сағат ішінде Парижге келетін болады", - деп жазды Халифа бен Хамад Аль-Тани әлеуметтік желіде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 34 жастағы аргентиналық футболшының француз клубымен келісім-шартқа отыратыны туралы хабарланған болатын.
Лионель Месси - Испания чемпионаты, "Барселона" мен Аргентина тарихындағы үздік сұрмерген. Сонымен қатар "Алтын доп" пен "Алтын бутсаның" алты дүркін иегері болып саналады.
Біздің серіктес: FONBET