«ПСЖ» - «Реал Сосьедад»

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
06.03.2024, 01:19

Бүгін Чемпиондар Лигасы. «Реал Сосьедад» өз алаңында «ПСЖ» командасын қабылдайды. Алдыңғы ойын 2:0 есебімен Мбаппе бастаған жігіттердің пайдасына шешілген еді. Килиан Мбаппе мен Брэдли Баркола командаға жеңіс сыйлаған болатын. 

«ПСЖ» - «Реал Сосьедад»

Естеріңізге сала кетейік, «ПСЖ» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Боруссия Дортмунд», «Милан» және «Ньюкасл Юнайтед» деген мықты командалармен сынға түсіп, сегіз ұпаймен екінші орынды иеленді. Париждіктер екі рет жеңіске жетіп, бір мәрте қарсыласпен ұпай бөлісіп, бір рет жеңілістің дәмін татқан. «Реал Сосьедад»  «Интермен», «Бенфикамен» және «РБ Зальцбургпен » сынды командалармен лайық түрде қарсыласып, 12 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Испандықтар үш рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түсті. 

Бүгін Испаниялық командаға қорғаныста мықты ойнап, қарсылас қақпасына 3 гол тоғыту қиын болары анық. Ештеңе кесіп айтпаймыз. Қорытынды нәтижеге дейін күтеміз. Өйткені, бұл Чемпиондар лигасы. Екі команданың соңғы ойындарына тоқталып өтейік. «ПСЖ» «Сосьедадпен» матчтан кейін, 3 ойын өткізген. Бір жеңіс, екі тең нәтиже. Ал, «Сосьедад» 4 ойын өткізіп үлгеріпті. Бір рет жеңіске жетіп, үш ойын қатырынан жеңілген. Командалардың жеке кездесулеріне келетін болсақ, бұл екі тараптың екінші кездесуі. Сонда бұл командалардың осы 1/8 финалға дейін жолдары тоғыспаған. 

Жарақаттарына байланысты тартысты ойынға «Реал Сосьедад» сапынан: Арсен Захарян, Мартин Меркеланс, Архен Муньос, Альваро Одриосола, Карлос Фернандес. «ПСЖ» сапынан: Марко Асенсио, Кимпембе, Левин Курзава, Серхио Рико, Милан Шкриньяр.

(с) Әділет Жұмагелдиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×