«Пари Сен-Жермен» «Сен-Этьенді» жеңіп, Франция футбол кубогын 13-ші рет жеңіп алды.
Париж маңындағы Сен-Дени қалашығындағы "Стад-де-Франс" алаңында өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 14-минутта Неймар соқты. 31-минутта «Сент-Этьен» қорғаушысы Лоик Перрен өрескел тәртіп бұзудан кейін Килиан Мбаппені жарақаттап, матчты жалғастыра алмады.
Осылайша, "Пари Сен-Жермен" жеңген кубоктардың саны бойынша рекорд орнатты.
Біздің серіктес: FONBET