ПСЖ «Сассуоло» шабуылшысы Джанлука Скамаккаға қызығушылық танытып отыр және ойыншымен жеке келісім-шартқа қатысты мәселені шешіп қойған, деп хабарлайды RMC Sport.
23 жастағы италиялық футболшы ПСЖ-мен бес жылдық келісімшартқа отыруға дайын. Оның жылдық жалақысы 3,5 миллион еуроны құрайтын болады. Ол клубтан кеткелі жатқан аргентиналық шабуылшы Мауро Икардидің орнын басады.
Париждік клуб шабуылшы үшін «Сассуолоға» 30 миллион еуро ұсынды, бірақ италиялық клуб 45 миллион еуро талап етуде.
Өткен маусымда Скамакка Италия А сериясында 36 матчқа қатысып, 16 гол соқты. Шабуылшының «Сассуоломен» келісім-шарты 2026 жылы аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET