ПСЖ соңғы минутта жеңіс голын соқты, «Манчестер Сити» «Спортингтің» тас-талқанын шығарды

16.02.2022, 13:57
Англиялық клубқа матч тағдырын шешу үшін бір тайм қажет болды, ал Месси пенальтиден мүлт кетті.
ПСЖ соңғы минутта жеңіс голын соқты, «Манчестер Сити» «Спортингтің» тас-талқанын шығарды

Бүгін, 16 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Пари Сен-Жермен» мен «Реал Мадрид» клубтары күш сынасты. Франциядағы «Парк де Пренс» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен париждіктердің пайдасына аяқталды.

61-минутта Даниэль Карвахаль Килиан Мбаппені шалып жығып, өз қақпасына пенальти алып келді. Бірақ Лионель Мессидің төменгі оң жақ бұрышқа жасаған соққысын мадридтік клубтың қақпашысы Тибо Куртуа қайтарды.Ал 94-минутта Килиан Мбаппе қарсыластың екі ойыншысын сан соқтырып, жеңіс голын соқты.

Параллель өткен матчта «Спортинг» «Манчестер Ситиді» қабылдады. Лиссабондағы (Португалия) «Хосе Альваладе» стадионында өткен матч 5:0 есебімен «қалалықтардың» пайдасына шешілді.

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Рияд Марез 7-минутта есеп ашты. Араға 10 минут салып «қалалықтардың» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва командасының есептегі басымдығын арттырды. 32-минутта Фил Фоден көзге түссе, 44-минутта Силва дубль жасады. Ал 58-минутта «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Рахим Стерлинг матчтың қорытынды есебін тіркеді.

Командалар арасындағы қарымта матчтар 9 наурызда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×