Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы жаттықтырушысы Арсен Венгер ПСЖ клубының спорттық директоры лауазымына басты үміткер ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды RMC Sport.
Аталмыш басылым клубтың қазіргі спорт директоры Леонардоның қызметінен кететінін хабарлады. Сондай-ақ париждік клуб Зиданмен алдын ала келісім жасасып қойған екен, франциялық бапкер ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін Маурисио Почеттиноны алмастырады. ПСЖ басшылығы Венгер мен «Реалдың» бұрынғы жаттықтырушысы Зинедин Зидан бір-бірін жақсы түсінеді деп жоспарлауда.
Арсен Венгер қазір ФИФА-ның жаһандық футболды дамыту бөлімінің басшысы ретінде еңбек етуде. Бапкерлік мансабында ол «Монако» мен «Арсенал» командаларын жаттықтырған.
Біздің серіктес: FONBET