“ПСЖ” тарихи трансфер жасауға дайын

18.10.2025, 19:15

"Пари" Сен-Жермен" Испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Ламин Ямалды өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Goal.com порталы хабарлады.

“ПСЖ” тарихи трансфер жасауға дайын

Дереккөздерге сенсек, Париждіктер футбол тарихындағы ең қымбат келісімді жасауға дайын. Қазіргі келісімшарты бойынша Ямал 2031 жылға дейін "Барселонамен" байланыста, ал оның босату құны – 1 миллиард еуро деп көрсетілген.

Алайда “ПСЖ” бұл шектеуді айналып өтіп, Неймар үшін төленген әлемдік рекорд – 222 миллион еуродан да көп, шамамен 230 миллион еуро көлеміндегі ұсыныс жасауға дайын екені айтылуда. Бұл сома футбол тарихындағы жаңа рекорд болмақ.

Париж клубы алғашқы бейресми келіссөздер жүргізгенімен, Каталондық тарап әзірге ресми ұсыныс түспегенін мәлімдеді. Соған қарамастан, Ямалдың есімі Еуропадағы ең қызу талқыланған трансфер тақырыбына айналды.

Биылғы маусымда жас вундеркинд "Барселона” сапында 5 ойында 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. 

“ПСЖ” үшін Ламин Ямал — жаңа Неймар болуы мүмкін. Клуб басшылығы бұл трансфер арқылы тек спорттық тұрғыда емес, сонымен бірге маркетингтік және имидждік жағынан да пайда таппақ. Ал кей ақпараттарға сенсек, Ямалдың өзі де жаңа сынақ пен жоғары деңгейдегі бәсекені қалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×