“Пари Сен-Жермен” клубының бас бапкері Томас Тухель 2021 жылы клубтан кетеді, деп хабарлайды ESPN.
Клубтың ағымдағы маусымда көрсетіп жатқан сүреңсіз ойынынан кейін басшылық Тухельмен келісімшартты ұзартпауды шешті. Келісім 2021 жылдың жазына дейін жарамды.
Тухельдің орнына басты үміткерлер ретінде “Тоттенхэмнің” экс-бапкері Маурисио Почеттино мен “Ювентустың” бұрынғы жаттықтырушысы Массимилиано Аллегри қарастырылуда.
Париждік клубтың спорттық директоры мен Тухельдің арасында келіспеушіліктер бар екендігі жөнінде де ақпараттар тараған еді. ПСЖ ішкі чемпионатта 15 ойыннан кейін 31 ұпай еншілеп, екінші сатыда келеді. Көш басында 32 ұпайы бар “Лилль” командасы тұр.
Біздің серіктес: FONBET