Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы матчта "Пари Сен-Жермен" "РБ Лейпцигті" 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесу Лиссабонда (Португалия) "Да Луш" стадионында өтті. Матчқа Сандер ван Рукел мен Эрвин Зейнстра көмектескен Бьорн Куйперс бастаған голландиялық төрешілер тобы қызмет етті.
Есеп бірінші таймда ашылды - 13-минутта Маркиньос Анхель Ди Марияның көмегімен алғашқы голдың авторы атанды. Бірінші таймның соңында Франция клубы есеп айырмасын арттырды, Ди Мария Неймардың берген нәтижелі пасынан кейін командасының екінші голын соқты. 56-минутта Хуан Бернат матчтың нүктесін қойды.
Осылайша, "Пари Сен-Жермен" тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. 19 тамызда ойнайтын "Лион" мен "Бавария" финалға берілетін екінші жолдама үшін таласады.
Біздің серіктес: FONBET