
2024/25 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалында “Париж Сен-Жермен” клубы "Интерді" 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихи жеңіске жеткен соң, жанкүйерлер клуб бапкері Луис Энрикенің марқұм қызы Ханаға арнап ерекше баннер көрсетіп, барша футбол әлемін толқытты.
Луис Энрикенің қызы Хана 2019 жылы бар болғаны 9 жасында сүйек ісігіне шалдыққаннан кейін өмірден өткен болатын. Луис Энрике сол кезде Испания құрамасының бас бапкері қызметінен кетіп, қызының соңғы күндерін онымен бірге өткізуге шешім қабылдаған.
"ПСЖ" финалда жеңіске жеткен соң, матч стадионда үлкен баннер (TIFO) ашылып, онда:
“Para Xana, siempre contigo” — “Ханаға арналады, әрқашан сенімен біргеміз” деп жазылған.
Финалдан кейінгі сұхбатында Луис Энрике көзіне жас алып:
“Бұл жеңісті Ханаға арнаймын. Ол менің жүрегімде мәңгі өмір сүреді. Жанкүйерлерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін тек бапкер ретіндегі емес, әке ретіндегі де ең әсерлі сәттердің бірі болды.” — деді.
Біздің серіктес: FONBET