«Барселонада» ойнайтын «Ювентустың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич туриндік команданың экс-жаттықтырушысы Маурицио Сарри туралы пікірімен бөлісті.
«Сарри өз ойыншыларына сенбеді және бұл мені алаңдатты. Жаттықтырушы адамдарға дұрыс баға бере алмаса, бұл ұят нәрсе. «Ювентустың» кез-келген футболшысы әрдайым клубтың жетістігі үшін барын салады.
Сіз бір немесе екі ойыншымен тіл табыса алмауыңыз мүмкін, бірақ бұл олардың командаға деген адалдығына, жеңіске деген ұмтылысына ешқашан әсер етпейді. Олар өз мақсаттарына қол жеткізгісі келетін керемет кәсіпқой футболшылар. Сарридің жаттықтырушы ретінде біліктілігіне ешкім күмән келтірмейді, дегенмен командада мәселе туындады. Бірақ соңында біз тағы да Италияның чемпионы болдық, бұл жай нәрсе емес», - деді Пьянич Tuttosport-қа берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET