Қай команда ел чемпионы атанар екен?

03.03.2011, 19:03
Қай команда ел чемпионы атанар екен?
Өткен жылғы футбол маусымының аяқталғаны кеше ғана сияқты еді, көзді ашып-жұмғанша жаңа маусым да есіктен сығалап тұр. Енді наурыздың 6-сы күні ХХ Қазақстан чемпионатының алғашқы туры өтеді. Командалар бұл күнге сақадай-сай сияқты. Көбісі құрамаларын жасақтап, алдарына қойған мақсаттарын жайып салуда. Ал біз өз кезегімізде премьер-лига командаларының жаңа маусым алдындағы әлеуеттеріне қысқаша баға беріп көрмекпіз. «Тобыл». Команда 4 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, бір турнирге қатысты. Маусымаралық үзілісте барлығы 15 ойын өткізген болса, соның тоғызында жеңіске жетіп, бесеуінде тең түсіп, біреуінде 0:3 есебімен жеңілген. Доп айырмашылығы – 36:16. Жаңа маусымда қостанайлықтар Игорь Юринге иек артатын секілді. Нұрбол Жұмас­қалиевтың шебіне орналасқан Юрин оқу-жаттығу жиындарында бәрінен белсенділік танытыпты. Десек те, биыл да чемпион атануды көздеп отырған Равиль Сабитов шәкірттері бұл жолы үздік алтылыққа ғана таласа алатын сияқты. «Ақтөбе». Соңғы оқу-жаттығу жиынын Түркия жерінде өткізген Владимир Мұқанов шәкірттері ойындарды ала-құла өткізді. Төрт ойында бір-ақ рет жеңіп, екеуінде жеңіліске ұшырады. Ал бір ойынды тең аяқтаған. Дегенмен «ақтөбеліктер» команданың негізгі бөлігін сақтап қалған сияқты. Оның үстіне, осы клубтың арқасында Қазақстан премьер-лигасында алғаш рет Испания және Тринидад-Тобаго елдерінің футболшылары өнер көрсетеді. Ал оқу-жаттығу жиындарындағы кейбір сәтсіздіктерге қарамастан, команда биыл да бас жүлдеге таласуы тиіс. «Ертіс». Қазақ бапкері Талғат Байсуфинов өзінің біліктілігін бұл жолы да дәлелдей білді. Өткен жылғы құрамнан бірде-бір көшбасшы клуб ауыстырған жоқ. Команда Эдуард Сергиенко, Мұрат Тілешев сияқты саңлақтармен толықты. Өткен жылы футболдан аластатылған Александр Кучма да «Ертістен» пана тапты. Бұл да бас бапкердің футболшылармен қаншалықты тілдесе алатындығын көрсетсе керек. Жаңа маусымда керекулік ұжым үздік үштікке таласуы тиіс. «Локомотив». Міне, бас жүлдеге таласатын бірден-бір үміткер клуб – осы. Ел футболында соңғы жылдары қай отандастарымыз көзге түсіп жүр, бәрін құрамына тартуда. Тек Самат Смақов және бірлі-жарым басқа футболшылар жоқ демесеңіз, басқаларының барлығын «Локомотивтен» табуға болады. Осыған дейін басқаларға мүмкіндік беріп келген Хольгер Фах шәкірттері бұл жолы өздері де бас жүлдеге таласатын болады. «Атырау». Мұнайлы қаланың командасына былтырғы межесін орындау өте қиын болмақ. Бапкерлік тізгінді әзірбайжандық Рамиз Мамедов ұстады. Өткен жылы басты қорғаушысы болған Илья Воротников «Қайрат» са­пына ауысты. Сондай-ақ бас бапкердің шешесінің дүниеден өтуіне байланысты «Атыраудың» оқу-жаттығу жиындары да жөнді өтпеді. «Атырау» алғашқы алтылыққа таласар, бірақ мақсатына жете ала ма, жоқ па – оны уақыттың еншісіне қалдырайық. «Шахтер». Өткен жылы команда үздік үштіктен орын алу міндетін орындай алмаған соң, клуб басшылығы Вла­димир Чебуринді қызметінен босатқан еді. Оның орнына әккі Виктор Кумыков келді. Бұл бапкердің алдына да сол міндет қойылған. Ол үшін барлық жағдайды жасап та берді. Қалаған футболшысын алдыртты. Енді Кумыков ескі әдетіне салып, футболшыларын алаңнан алып кетпесе, жүлдегерлер қатарынан көрініп қалуы тиіс. «Жетісу». Өткен жылы үздік алтылықтың қатарынан көріне алмаған клубтың биыл бұл мақсатына жете ала ма, жоқ па, ол жағын тап басып айту қиын. Қалай десек те, Асқар Қожабергенов командасының қазіргі әлеуеті алтылықтың қатарынан көрінуге мүмкіндік бермей тұрған сияқты. Маусымаралық үзілісте екі оқу-жаттығу жиынын өткізген «Жетісу» 3 ойында жеңіп, үшеуінде жеңілген. Доп айырмасы – 8:8. «Ордабасы». Өткен жылы шымкенттік ұжым нашар ойнаған жоқ. Бірақ небәрі 8-орыннан көрінді. Бұл жолы бас бапкер Владимир Беляевский мен оның көмекшісі Анатолий Юрьевич былтырғы қателіктерді болдырмаймыз деп уәде беруде. Клуб басшылығы әр командада өнер көрсеткен шымкенттік футболшыларды жинап, құрамын біраз нығайтып алды. Біздің ойымызша, бұл саңлақтар «Ордабасының» алғашқы алтылықтан көрінуіне көмектесулері тиіс. «Тараз». Киелі қаланың футболсүйер қауымы бас бапкер Ваит Талғаевтың ғана көмегіне үміт арта алады. Ал құрамы, шыны керек, фавориттерге қарсылық көрсете алатындай емес. Ұлан Қонысбаев бар еді, оны да жіберіп алды. Ал Бауыржан Байтана көшбасшылық рөлге әлі тым жас. Биылғы маусымда «Тараздың» былтырғы орыннан жоғары көтеріле алуы екіталай. «Қайрат». «Биыл команда алғашқы алтылыққа, содан кейін үздік үштікке енуі керек», – деп тапсырды Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. «Тырысамыз, қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз», – деп уәде берді бас бапкер Владимир Никитенко. «Алғашқы алтылыққа енуге болады, ал үздік үштіктен орын алу қиындау сияқты. Не де болса қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп өз ойын айтты команда шабуылшысы Мұрат Сүймағамбетов. Ал біз өз кезегімізде «Қайраттың» әлеуеті – алғашқы алтылық» дер едік. «Восток». Аутсайдер деуге қимай отырмыз, бірақ «Восток» премьер-лигадағы өз орнын сақтап қалуға тырысатын сияқты. Дегенмен, кім біледі, Вахид Масудовтың кез келген командадан бәсекеге қабілетті ұжым шығара алатынын бұрыннан білеміз. Егер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тиісті дәрежеде көңіл бөлсе, қалған жұмысты Масудовтың қатырары сөзсіз. «Қайсар». Міне, премьер-лигадағы өз орнын сақтап қалу үшін жанталасатын клуб деп нық сеніммен «Қайсарды» айтуға болады. Әупірімдеп премьер-лигаға жолдама алған қызылордалықтар маусым қоры­тындысы бойынша қайтадан жоғарғы лигаға түсіп қалуы әбден мүмкін. Міне, біздің ойымызша, командалардың әлеуеттері осыншалықты. Дегенмен көпшілігінің деңгейі бірдей секілді. Демек, ел біріншілігінің бірінші кезеңі аса тартысты өтуі керек. Ал қай команданың бағы жанып, қайсысының қауқарсыз шыққанын маусым соңында таразылайтын боламыз. Автор: Әзиз Жұмаділ, “Алаш айнасы”
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×