«Қайрат» 17 жастағы шабуылшымен келісім-шарт жасасты

13.05.2022, 01:31
Футболшы алматылық клубтың түлегі болып табылады.
«Қайрат» 17 жастағы шабуылшымен келісім-шарт жасасты

Алматылық «Қайрат» 17 жастағы шабуылшы Ян Труфановпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Труфанов – «Қайраттың» түлегі. Шабуылшы мен клуб арасындағы жаңа келісім-шарт 2024 жылға дейін есептелген.

Өткен жылдың тамыз айында Труфанов «Қайрат-Жастар» сапында Бірінші лигадағы дебютін жасады. Содан бері ол команда құрамында 10 матч өткізіп, 8 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Труфанов 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасында 3 кездесу өткізіп үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×