«Қайрат» 19 жастағы қазақстандық қорғаушымен келісім-шарт жасасты

26.02.2022, 01:32
Футболшы өткен маусымда өзін жақсы қырынан көрсетті.
«Қайрат» 19 жастағы қазақстандық қорғаушымен келісім-шарт жасасты

«Қайраттың» баспасөз қызметі 19 жастағы қорғаушы Дамир Қасаболатпен екі жылдық келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Дамир Қасаболат – «Қайрат» академиясының түлегі. Өткен жылы ол Бірінші лигада «Қайрат-Жастар» сапында дебют жасаса, жазда «Қайрат-Мәскеуге» аттанды. Маусым барысында ол ресейлік команданың капитаны атанды және 19 кездесу өткізіп, 8 сары қағаз алды

Бұған дейін бойы 181 сантиметрді құрайтын Дамир орталық қорғаушы ретінде ойнаса, Түркиядағы негізгі команданың оқу-жаттығу жиынында сол қапталдағы қорғаушы ретінде өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×