«Қайрат» «Ақтөбеден» басым түсті»

19.05.2021, 01:50
«Ақтөбе» бүгін қателіктен көз ашпады.
«Қайрат» «Ақтөбеден» басым түсті»

"Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры аясында "Ақтөбемен" кездесті. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 7-минутында қақпашының қателігін сәтті пайдаланған Артур Шушеначев есеп ашты. 36-минутта Артур кездесудегі екінші голды соқты. Бес минуттан соң Дидар Жалмұқан Эрвен Мукамның пасынан кейін есепті қысқартты. 50-минутта қақпашы Жасур Нарзиқұлов тағы да өрескел қателікке бой алдырып, үшінші голды жіберіп алды. Араға үш минут салып Эрвен Мукам алыстан тамаша соққы бағыттап, командасының екінші голын соқты. Ал ойынның аяқталуына 4 минут қалғанда "Ақтөбе" қорғаушылары қателесіп, Небойша Косовичтің гол соғуына себепкер болды.

Шпилевский шәкірттері бұл ойыннан кейін 20 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. "Ақтөбе" 13 ұпаймен оныншы орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×