«Қайрат» «Ақжайықта» ойнап жүрген футболшысын қайтарып алды

04.07.2021, 17:38
Кирилл Кекер жас шабуылшыға сенім артып көрмек.
«Қайрат» «Ақжайықта» ойнап жүрген футболшысын қайтарып алды

Оралдық "Ақжайық" сапында жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен 20 жастағы қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырев "Қайрат" клубына қайта оралды.

"Владимир Мазяр бастаған жаттықтырушылар құрамына, клуб басшылығына, қызметкерлерге, командаға, барлық жанкүйерлерге үлкен рахмет! "Ақжайықта" ойнау арқылы баға жетпес тәжірибеге қол жеткіздім! Бұл қаладағы адамдар футболды шынымен жақсы көреді! Осындай қысқа мерзімде мен керемет достар таптым! Мен қала мен командаға еурокубок бәсекесіне жолдама алуын тілеймін! Сіздер оған лайықсыздар!", - деп жазды ойыншы өзінің Instagram парақшасында.

Швырев "Ақжайыққа" ақпан айының соңында қосылған болатын. Жас шабуылшы оралдық клуб үшін 9 кездесу өткізіп, 1 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×