Қайрат Әшірбеков: «Өз алаңымызда Албаниядан жеңілмеуіміз керек»

11.10.2020, 18:38
Матч бүгін Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Қайрат Әшірбеков: «Өз алаңымызда Албаниядан жеңілмеуіміз керек»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Қайрат Әшірбеков Қазақстан ұлттық құрамасының Албания және Беларусь құрамасымен болатын матчтарына болжам жасады.

- Өз елімнің нағыз патриоты ретінде мен әрдайым біздің ұлттық құрамаға сенемін және қолдаймын.

Бапкерлер құрамы ойыншыларға 2 күн демалуға уақыт берді. Біріншіден, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Мен Қазақстан чемпионатының барлық ойындарын көрдім. Соңғы матчтарда барлық ойыншылардың шаршағандықтары байқалды.

Өз алаңымызда Албаниядан ұтылмауымыз керек. Әрине, жігіттерге оларды алға жетелейтін біздің жанкүйерлер жетіспейді. Беларусьпен кездесуге келетін болсақ, біздің ойыншылар Алматыдағы жеңілісі үшін есе қайтаруы керек. Меніңше, өз алаңымызда кем дегенде тең нәтижеге лайықты болдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×