«Қайрат» Беларусь қорғаушысын қатарға қосты

24.08.2020, 22:06
Соңғы рет Ресей чемпионатында доп тепкен.
«Қайрат» Беларусь қорғаушысын қатарға қосты

29 жастағы Денис Поляков «Қайратпен» 1,5 жылдық келісімшартқа отырды. Қорғаушы бұған дейін «Шахтер-Солигорск» және «БАТЭ» сияқты Беларуссия клубтарында ойнады.

БАТЭ сапында ол Чемпиондар лигасындағы "Бавария", "Лилль", "Атлетик" және "Ромаға" қарсы жеңіске жеткен матчтарға қатысты. Қорғаушының соңғы клубы - ресейлік "Урал" болды.

Денис Поляков - Беларуссия құрамасының негізгі ойыншысы. Ол 2010 жылы дебют жасап, содан бері 42 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×