«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында жеңіске жете алмады

28.10.2021, 04:12
Алматылықтар 3:1 есебімен жеңіп келе жатып, қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды.
«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында жеңіске жете алмады

Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында чехиялық «Пльзень» клубымен тең түсті.

Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. «Қайрат» сапында Дуглас Жуниор (16-минут), Альберт Ақбалықов (22) және Диего (27-ші) гол соқты.

4-топта өнер көрсететін «Қайрат» келесі кездесуін 28 қазан күні ресейлік «Тюменьге» қарсы өткізеді. Бұл топтың ойындары Италияның Римини қаласында өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де Қазақстанның екінші командасы – «Атырау» өз ойынын өткізеді. Оның қарсыласы словениялық «Добовец» болмақ. Бұл топтың матчтары Словенияда өтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×