«Қайрат» футзал клубы ресейлік клубты жеңе алмады

29.10.2021, 04:41
Тағы да 3:3 есебі тіркелді. Бұл жолы алматылықтар камбэк жасады.
«Қайрат» футзал клубы ресейлік клубты жеңе алмады

Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысында «Қайрат» екінші ойынын өткізді.

«Қайрат» Ресейдің «Тюмень» командасымен шеберлік байқасты. Бірінші кезеңнен кейін қазақстандық клуб 1:3 есебімен жеңіліп жатқан еді.

Екінші кезеңде олар таразы басын теңестірді. Бұдан кейін командалардың есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді. Дегенмен қарсыластар 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Айта кетсек, «Қайрат» төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Чехияның «Пльзень», Ресейдің «Тюмень» және Италияның «Пезаро» командалары.

Алғашқы ойында «Қайрат» Чехияның «Пльзень» командасымен 3:3 есебімен тең түссе, «Атырау» Словенияның «Добовеціне» 1:2 есебімен жол берді.

Енді 30 қазанда «Қайрат» Италияның «Пезаро», «Атырау» Францияның «Аньер Вильнев 92» командасымен бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×