«Қайрат» футзал клубының Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

04.11.2021, 01:20
Алматылық клуб жеребе қорытындысы бойыншы А тобына түсті және элиталық кезеңдегі ойындарын Ресейде өткізеді.
«Қайрат» футзал клубының Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Алматылық «Қайрат» футзал клубының Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.

Бұл кезеңде 16 клуб 4 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтайды. Матчтар 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында шағын турнир форматында өтеді. Алматылық клуб жеребе қорытындысы бойыншы А тобына түсті және элиталық кезеңдегі ойындарын Ресейде өткізеді.

Рикардо Кака шәкірттері А тобында «Тюмень», «ВитЭн», «Аньер-Вильнев» командаларымен шеберлік байқасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×