«Қайрат» германиялық шабуылшымен қоштасты

11.07.2022, 21:04
Ойыншы бір жыл бойы Германияда жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен еді.
«Қайрат» германиялық шабуылшымен қоштасты

Алматылық «Қайрат» германиялық шабуылшы Штрели Мамбаның клубтан кеткенін хабарлады.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Неміс шабуылшысының командадан кеткені туралы ақпаратты «Ордабасымен» болған ойыннан кейін «Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер де растаған еді.

Еске салайық, Штрели Мамба «Қайратқа» 2021 жылдың қаңтарында ауысты, бірақ 6 айдан кейін алматылық клуб оны германиялық «Ганзаға» бір жылға жалға беру туралы шешім қабылдады.

Мамба алматылық клуб сапында 13 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×