«Қайрат» Гвинея құрамасының шабуылшысымен келісім-шартқа отырды

10.03.2021, 17:58
Шабуылшы жаңа клубта 18 нөмірмен өнер көрсетпек.
«Қайрат» Гвинея құрамасының шабуылшысымен келісім-шартқа отырды

Хосе Канте Мартинес "Қайрат" клубының ойыншысы атанды.⠀

Хосе Канте 1990 жылы 27 қыркүйекте Сабаделлде (Испания) дүниеге келген. Позициясы - орталық шабуылшы. Таррагона қаласынан шыққан "Химнастик" футбол клубының түлегі. ⠀

Ол мансабын 2009 жылы Испанияның төменгі лигасындағы клубтарда бастады. 2014 жылы Хосе Кипрдің "AEK Ларнака" клубымен келісім-шартқа отырып, шетелге кетуге шешім қабылдады. Екі маусымды Кипрде өткізгеннен кейін, 2016 жылдың қаңтарында ол Польшаға қоныс аударды, онда "Гурник Забзе" және "Висла" сияқты клубтарда ойнады. 2018 жылдың маусым айында ол "Легиямен" келісім-шартқа отырды. Ол 2019 жылғы маусымның біршама бөлігінде өзінің алғашқы командасы "Химнастикте" жалда ойнады, содан кейін "Легияға" қайта оралды. ⠀

2016 жылдың қараша айында Хосе Канте Гвинея құрамасында ойнау туралы ұсынысты қабылдап, онда 13 матч өткізіп, 2 гол соқты. ⠀

Жалпы өзінің клубтық мансабында 235 матч өткізіп, 62 гол соққан, 12 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×