«Қайрат» камерундық қорғаушыны қатарға қосуы мүмкін

29.01.2022, 18:16
20 жастағы футболшы клубпен бірге Түркияға аттанбақ.
«Қайрат» камерундық қорғаушыны қатарға қосуы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, жас қорғаушы Дaвид Экве «Қайрат» сапында қаралымнан өтуде.

Африкадан келген 20 жастағы футболшы алматылық клубқа бірнеше күн бұрын қосылған болатын. Экве оң қапталдағы қорғаушы позициясында ойнайды, бұған дейін ол «Офта» клубының намысын қорғады. Алматыдағы ОЖЖ-да Давид Экве бапкерлердің көңілінен шықты, сондықтан ол негізгі құраммен Түркияға аттанады, содан кейін оның болашағы туралы шешім қабылданады.

Айта кетейік, «Қайраттағы» оң қапталдағы қорғаушының позициясы Камо Оганесян, Дино Миканович және Ян Вороговский кеткеннен кейін бос тұр. «Ордабасыда» жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен Сұлтанбек Астанов та аталмыш позицияда ойнай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×