«Қайрат» капитаны жарақатынан айықты

22.04.2022, 18:20
Футболшы «Тұранмен» болатын ойынға қатысуы мүмкін.
«Қайрат» капитаны жарақатынан айықты

«Қайраттың» баспасөз қызметі 29 жастағы польшалық жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскийдің қатарға қосылғанын хабарлады.

Биыл Гуральский алматылық клубтың капитаны болып бекітілген еді.

Жартылай қорғаушы наурыз айында Польша құрамасына шақыртылды. Швециямен болған матчта (2:0) негізгі құрамда алаңға шықты, нәтижесінде оның командасы 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.

Алматыға оралған соң Яцек балтырын зақымдап алып, «Ақжайық» (0:0) және «Тобылмен» (2:2) болған ойынға қатыса алмады.

Ертең, 23 сәуірде «Қайрат» Премьер-лиганың жетінші турында «Тұранды» қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×