«Қайрат»-«Карабах» матчындағы үздік ойыншылар белгілі болды

05.11.2021, 16:38
Гвинеялық шабуылшы тағы да үздік шықты.
«Қайрат»-«Карабах» матчындағы үздік ойыншылар белгілі болды

SofaScore аналитикалық порталы «Қайрат» пен «Карабах» ойыншыларының Конференция лигасының матчындағы (1:2) рейтингін жариялады, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Бұл матчта алматылық «Қайрат» 6,71 ұпай жинаса, «Карабах» 6,91 ұпаймен бағаланды.

Кездесудің үздік ойыншысы болып әзірбайжандық «Карабахтың» қақпашысы Шахруддин Магомедалиев (7,8) танылды.

Ал «Қайрат» сапында тағы да Хосе Канте үздік атанды (7,5). Айта кетейік, гвинеялық шабуылшы аталмыш турнирде қатарынан үшінші ойында алматылық клубтың үздік ойыншысы деп танылды.


Сондай-ақ «Қайраттағы» үздік үш ойыншының қатарына Ян Вороговский (7,3) пен Небойша Косович (7,1) кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×