«Қайрат» кәрі құрлықтағы жорығын жалғастырмақ

07.08.2015, 18:31
«Қайрат» кәрі құрлықтағы жорығын жалғастырмақ
Алматының "Қайраты" Еуропа лигасының плей-офф сатысына шықты. Кеше олар шотландияның "Абердин" қаласында жергілікті аттас командамен кездесіп, 1-1 тең нәтижесін тіркеді. Естеріңізге сала кетсек, алматыдағы апта бұрыңғы матчта отандастарымыз 2-1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сондықтан да, отандастарымызға бұл матчта тең нәтиженің өзі де жеткілікті еді. Ойынның 59-минутында қонақтар гол соқты. Алыстан бағытталған Михаил Бакаевтың соққысын қақпашы қайтарған. Айып алаңында ептілік танытқан Жерар Гоу кезекті голын соғып, "Қайратты" жеңіске жетеледі. Одан кейін Владимир Вайсс шәкірттері негізінен қорғаныста ойнады. Десе де, үлкен күшпен шабуылдаған "Абердин" ойыншылары тоблодағы көрсеткішті теңестірді. 84-минутта Маклин баспен қақпаның бос тұсын дәл көздеді. Енді бүгін жеребе тарту рәсімінде "Қайрат" өз қарсыласын білетін болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×