«Қайрат» Қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Instagram парақшасында клубтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады.
«Мен жанкүйерлерге біздің академиядан тамаша футболшылардың шыққанын айта аламын. Оларға мүмкіндік беретін кез келді деп есептейміз. Команда маусымға дайындалуда. Алға, «Қайрат», - деп жазды Боранбаев.
Бұған дейін әлеуметтік желіде алматылық клуб аз жалақыға ойнауға келісетін еркін агенттерді ғана қатарға қосуы ықтимал деген ақпарат тараған болатын.
Еске салайық, қазір «Қайрат» сапында Жоао Пауло, Яцек Гуральский, Рикардо Алвеш, Маки Баньяк, Хосе Канте, сондай-ақ қырғызстандық Гүлжігіт Алықұлов қалды. Небойша Косович пен Раде Дугаличтің келісім-шарт мәселесі жақын арада шешіледі.
Біздің серіктес: FONBET