Ел премерь- лигасының 24- ші тур аясындағы матчта алматылық "Қайрат" қарағандыдан келген "кеншілерді" 6-1 есебімен ойсырай ұтты.
Ұлан Қонысбаев пен Андрей Финонченконың жоқтығы "Шахтерға" қатты білінді. Ойынның 25- ші минутында Гедиминас Вичюс есепті ашып, "кеншілерді" алға шығарған болатын. Алайда Вичюстың голына алматылық азулы команда алты голмен жауап қайтарды. Александр Кислицын мен Аслан Дарабаев өз кезектерінде бір- бір голдан соғып көзге түссе, Исаэль мен Жерар Гоу Мокин қорқаған қақпаға дубль жасап, еншілеріндегі голды арттыра түсті.«Қайрат Алматы» — «Шахтер Қарағанды» 6:1
Голдар: Вичюс 25 (0:1), Кислицын 44 (1:1), Исаэл 49 (2:1), Гоу 57 (3:1), Гоу 61 (4:1), Дарабаев 71 (5:1), Исаэл 75 (6:1)
24- ші турдын қорытындылары:
Тараз - Жетысу 2:0
Атырау - Ертіс 2:1
Ордабасы - Қайсар 0:1
Спартак - Тобыл 2: 1
Әзірге екі лидер командамыз демалыста.
Дайындаған: Ерден Нұрахмет