«Қайрат» клубы бас бапкердің көмекшісін бекітті

27.01.2022, 15:34
68 жастағы маман бұған дейін де Бердыевпен бірге жұмыс істеген.
«Қайрат» клубы бас бапкердің көмекшісін бекітті

Данильянц Иван Альбертович «Қайрат» футбол клубының бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды. Ол 1953 жылы 20 ақпанда Ашхабад қаласында (Түрікмен КСР) дүниеге келген.

Ойыншы ретінде кәсіби мансабын қорғаушы ретінде, 1971 жылы ашхабадтық «Строитель» командасында бастаған.

Ал 1991 жылы «Клагенфурт» (Австрия) жасөспірімдер командасының бапкері болып бекітілді. Одан кейін Молдова ұлттық құрамасын, тираспольдік «Шериф» командасын жаттықтырды. 2010 жылы Иван Альбертович «Рубин» командасында жастар футболын дамыту жобасының басшысы болды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап, сол сәтте «Ростовтың» бас бапкері ретінде еңбек еткен Құрбан Бердыевтің бапкерлік құрамына енді.

2016 жылы «Ростов» футбол клубының бас бапкері атанған. «Ростов» Иван Альбертовичтың баптауымен, 2015/16 жылғы Ресей біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Ал 2017 жылдың маусым айында Құрбан Бекиұлы Бердыевпен бірге «Ростовтан» «Рубин» командасына ауысты.

2017 жылы бапкерлік құрамнан шығып, жастар футболын дамыту бөлімінің басшысы қызметіне ауысқан. 2020 жылдың ақпан айында Молдова футбол Федерациясының спорттық директоры қызметіне тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×