«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы ұпайын қоржынға салды

17.09.2021, 03:24
«Қайрат» өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады.
«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы ұпайын қоржынға салды

"Қайрат" футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Құрбан Бердыев шәкірттері Қазақстанға келер алдында бірнеше ойыншысынан айырылған кипрлік "Омониямен" кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Кипрлік клуб гол соғатын бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ бұл ойында "Қайрат" қорғаушылары мен Стас Покатилов сенімді түрде әрекет етті.

Алайда, "Қайрат" командасы да "Омония" қақпасына қауіп төндірді, бірақ ойыншыларға соңғы сәтте салқын қандылық пен дәлдік жетіспеді. Атап айтқанда, Вагнер Лав екінші таймда қақпашымен жеке-дара шығып, гол соға алмады.

Алматылық клуб келесі кездесуін 1 қазан күні швейцариялық "Базельге" қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×