«Қайрат» Конференция лигасындағы матч алдында «Ақтөбені» жеңді

17.10.2021, 01:59
Пауло мен Канте қосалқы құрамнан шықты, Вагнер Ақтөбеге барған да жоқ.
«Қайрат» Конференция лигасындағы матч алдында «Ақтөбені» жеңді

"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында "Қайратты" қабылдады. Матч Ақтөбедегі Қобыданды батыр стадионында өтіп, 1:2 есебімен алматылықтың клубтың пайдасына шешілді.

Кездесудің 31-минутында Артур Шущеначев Темірлан Ерлановты алдап өтіп, гол соқты. Он минуттан кейін Михал Йерабектің қателігін сәтті пайдаланған Гүлжігіт Алықұлов есепті есееді. Дегенмен, 73-минутта Нұралы Әліп өз қақпасына гол соғып алды.

Бұл жеңістен кейін Құрбан Бердыев шәкірттері 47 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. "Ақтөбе" 30 ұпаймен жетінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×