«Қайрат-Мәскеу» ФНЛ-2-нің оныншы турында «Чита» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.
Ойынның 18-минутында Максим Галиев есеп ашқан еді, бірінші тайм аяқталар тұста Никита Мацхарашвили жауапты голды соқты. Ал кездесудің 80-минутында «Қайрат-Мәскеудің» жартылай қорғаушысы Антон Крачковский қызыл қағаз алды.
«Қайрат-Мәскеу»: Дінмұхаммед Жомарт (қ) - Лев Кургин, Дамир Қасаболат, Равиль Ибрагимов, Әлібек Жұмабек - Рустам Эмиров (к), Антон Крачковский, Андрей Савинов - Дархан Мәделхан, Сергей Пряхин, Никита Мацхарашвили;
Қазіргі уақытта «Қайрат-Мәскеу» екінші орынға табан тіреді. Евгений Коструб шәкірттері сегіз ойында 14 ұпай жинады.
Біздің серіктес: FONBET