«Қайрат-Мәскеу» клубын жаттықтыратын бас бапкердің есімі белгілі болды

27.06.2021, 02:33
«Қайрат-Мәскеу» клубын жаттықтыратын бас бапкердің есімі белгілі болды

"Қайрат-Мәскеу" клубын жаттықтыратын бас бапкердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы.

"Қайрат-Мәскеу" командасының бас бапкері қызметіне Кирилл Кекер де (ол "Қайраттың" негізгі командасында қалады), тіпті Кирилл Морунов (ол жастар құрамасымен жұмыс істей береді) та тағайындалмайды, Ресейде құрылған жаңа клубты Евгений Коструб тізгіндейтін болады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, "Қайрат-Мәскеу" шілдеден бастап ПФЛ-де бақ сынайтын болады. Команданың негізін "Қайрат-Жастар" футболшылары құрамақ. Команда Мәскеу облысында, Красногорск қаласына орналасады. Ойындар мен жаттығулар "Зорький" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×