"Қайрат-Мәскеу" ФНЛ біріншілігінің 2-дивизионындағы алғашқы матчын өткізді. "Ленинградец" командасымен болған матч 2:2 есебімен аяқталды.
"Қайрат-Мәскеу" ойынның 3-минутында есепте алға шықты. Гол авторы - Вячеслав Швырев. 14-минутта Данияр Әлімжан пенальтиді сәтті пайдаланды. Ал 19-минутта Швырев екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Мұны пайдаланған алаң иелері бірінші таймның өзінде есепті теңестіріп кетті. Қос голды да Максим Вотинов өз еншісіне жазды.
"Қайрат-Мәскеудің" негізгі құрамы: Ульянов (қ); Эмиров (к) (84' Айрапетян), Қасаболат, Ткаченко, Пряхин; Крачковский, Савинов, Әлімжан; Абдулла (62' Мацхарашвили), Меделхан (46' Кирьяков), Швырев.
Алғашқы ұпайына қол жеткізген Евгений Коструб шәкірттері турнирлік кестеде алтыншы орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET