«Қайрат-Мәскеу» Ресей Кубогінің 1/64 финалына шықты

29.07.2021, 04:31
«Қайрат» он адаммен ойнап-ақ жеңіске жетті.
«Қайрат-Мәскеу» Ресей Кубогінің 1/64 финалына шықты

"Қайрат-Мәскеу" Ресей Кубогінің 1/128 финалында "Калуга" командасын 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 24-минутта Вячеслав Швырев соқты. Ал 16-минутта Рустам Эмиров екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.

"Қайрат-Мәскеудің" негізгі құрамы: Вадим Ульянов (қ) - Рустам Эмиров (к), Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко, Сергей Киряков - Антон Крачковский, Данияр Әлімжан, Андрей Савинов - Никита Мацхарашвили, Байжан Мәделхан, Вячеслав Швырев.

Осылайша, "Қайрат-Мәскеу" Ресей Кубогінің 1/64 финалына жолдама алды және бұл кезеңде "Динамо-Владивостокқа" қарсы ойнайды. Матч 4 тамызда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×