«Қайрат» он ойыншымен-ақ «Ордабасының» тас-талқанын шығарды

30.04.2021, 01:50
Алматылық клубтың үш орталық шабуылшысы да гол соқты.
«Қайрат» он ойыншымен-ақ «Ордабасының» тас-талқанын шығарды

"Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры қарсаңында шымкенттік "Ордабасыны" қабылдады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның 24-минутында "Қайраттың" шабуылшысы Вагнер Лав қызыл қағаз алды. Бірақ Шпилевский шәкірттері шабуыл жасауын тоқтатпады. 61-минутта Гүлжігіт Алықұловтың пасынан кейін Адеринсола Эсеола көзге түсті. Ал 89-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Штрели Мамба есепті еселеді. Ойын аяқталды ма деп едік, 94-минутта Хосе Канте командасының үшінші голын соқты.

Үш ұпай еншілеген алматылық ұжым үшінші орынға көтерілді (15 ұпай). Александр Седнев жаттықтыратын "Ордабасы" 13 ұпаймен алтыншы орынға сырғыды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×