Алматылық "Қайрат" Премьер-лиганың 7-турында Шымкенттік "Ордабасыны" еш қиындықсыз жеңді.
Матч Талғардағы ұлттық құраманың базасында өтіп, 1-3 есебімен аяқталды.
Кездесу барысында алғашқы голды "Қайраттың" бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав 17-минутта соқты. Ал 22-минутта екінші голды салып, дубль жасады. Ең қызығы Вагнер екі голды да баспен соқты. Ал 34-минутта Жоао Пауло есепті қысқарта алды. Бірақ 40-минутта Абат Айымбетов өз командасының үшінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды.
Осылайша, "Қайрат" 18 ұпаймен алғашқы орында қала береді. Ал "Ордабасы" 10 ұпаймен алтыншы орынға түсіп қалды.
Біздің серіктес: FONBET