«Қайрат» өз алаңында «Алашкертті» жеңе алмады

06.08.2021, 02:55
Жауапты ойын 12 тамыз күні Арменияда өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.
«Қайрат» өз алаңында «Алашкертті» жеңе алмады

Алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта армениялық «Алашкертпен» тең ойнады. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын бастала салысымен алматылық клуб бірінші нөмірмен ойнай бастады. Жасаған шабуылдары да аз болған жоқ. Артур Шушеначев пен Гүлжігіт Алықұловта жүз пайыздық мүммкіндік болды. Сен соқпасаң, саған соғамын дегендей, ойынның 34-минутында армениялық клуб пенальти тебу құқығына ие болды. Нүктеге келген Александр Глешич гол соға алмады. Оның тепкен добы қақпа маңдайшасына дөп тиді. Ал екінші таймда қос команда да мардымсыз ойынымен көзге түсті.

Жауапты ойын 12 тамыз күні Арменияда өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×