Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында «Қайрат» пен «Астана» үш ұпайды сарапқа салды. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды 8-минутта Небойша Косович соқты. Ян Вопоговскийдің қапиалдан асырған пасы «Астана» ойыншысына тиіп, айып алаңында қалды. Ал бұл допқа біріншң болып жеткен черногориялық футболшы матч тағдырын шешіп кетті.
Алматылық клуб бұл ойыннан кейін 50 ұпаймен үшінші орында қалды. Андрей Тихонов шәкірттері 56 ұпаймен екінші орынға түсіп қалды.
Біздің серіктес: FONBET