«Қайрат» өз алаңында «Базельге» есе жіберді

26.11.2021, 04:29
Алматылық клуб қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды
«Қайрат» өз алаңында «Базельге» есе жіберді

«Қайрат» Конференция лигасының 5-турында «Базельге» есе жіберді. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2:3 есебімен швейцариялық команданың пайдасына аяқталды.

Ойынның 23-минутында Вагнер Дав есеп ашып еді. Артур Кабрал бірінші таймның соңғы минутында пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді. 56-минутта Камо Оганесян алаңға шыға салып, алматылық клубты алға шығарды. 69-минутта Эдош Жегрова, ал төрт минуттан кейін Пайтим Касами жеңісті голды соқты.

Швейцариялық клуб бес турдан кейін 11 ұпаймен Н тобында көш бастады. Бір ғана ұпай жинаған Құрбан Бердыев шәкірттері ең соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×