Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында "Қайрат" пен "Жетісу" комардалары өзара мықтыны анықтады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.
Ойынның бар-жоғы 4-минутында Артур Шушеначев есеп ашты. Ал 18-минутта "Жетісу" қорғаушысының қақпашыға берген пасы жетпей қалды. Нәтижесінде допқа Артур иелік етіп, дубль жасады. 61-минутта әріптесінен пас алған Раде Дугалич алыстан соққы жасап, ойынның нүктесін қойды.
"Қайрат" сенімді жеңістен кейін 6 ұпаймен Д тобында үшінші орынға тұрақтады. "Жетісу" 4 ұпаймен соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET