Өзбекстандық «Локомотивтің» 19 жастағы жартылай қорғаушысы Жасур Жалолиддинов алматылық «Қайратқа» ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Трансфер жалға алу негізінде жүзеге асты. Айта кетейік, футболшының өзбекстандық «Локомотивпен» келісім-шарты 2023 жылдың соңына дейін есептелген.
Жасур Жалолиддинов мансабын 2019 жылы «Бунёдкор» сапында бастады. Ол клубта бір жарым жыл өнер көрсетіп, 32 матчта 3 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. 2020 жылдың тамызында мәскеулік «Локомотивке» ауысты, бірақ клуб үшін бірде-бір матч өткізбей, «Тамбовқа» жалға берілді. Жалолиддинов аталмыш командада 3 ай бойы доп теуіп, бір ғана ойынға қатысты.
Көп ұзамай Жасур «Андижанға» еркін агент ретінде қосылып, 12 ойында 2 гол және 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Ал өткен жазда ташкенттік «Локомотив» клубымен келісім-шарт жасасты.
Біздің серіктес: FONBET