«Қайрат» өзбекстандық клубқа есе жіберді

13.02.2022, 15:43
Алматылық клуб минималды жеңіліске ұшырады.
«Қайрат» өзбекстандық клубқа есе жіберді

Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде өзбекстандық «Навбахордан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Лев Кургин, Арсен Буранчиев, Маки Баньяк, Сұлтанбек Астанов – Антон Крачковский, Якек Гуральский, Данияр Үсенов, Жасур Жалолиддинов, Гүлжігіт Алықұлов – Хосе Канте

Өткен маусымда «Навбахор» 39 ұпай жинап, Өзбекстан Суперлигасында 6-шы орынға ие болды.

Құрбан Бердыев шәкірттері келесі кездесуін 15 ақпанда Киевтің «Динамосына» қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×