«Қайрат» пен «Оқжетпес» тең тарқасты

27.09.2020, 22:48
«Қайрат» пен «Оқжетпес» тең тарқасты

Алматылық "Қайрат" Премьер-лиганың 11-турында Көкшетаулық "Оқжетпеспен" тең ойнады. Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өткен матч 3-3 есебісен аяқталды.

Ойындағы алғашқы әрі жылдам голды "Оқжетпес" ойыншысы Пламен Димов соқты. 28-минутта Небойша Косович есепті теңестірді, 38-минутта Абат Айымбетов командасын алға шығарды. Көкшетаулық ұжым 45-минутта таразы басын теңестірді. Гол авторы - Дмитриев. 56-минутта Дмитриев дубль авторы атанды. Ал Вагнер Лав 72-минутта гол соғып, командасына бір ұпай сыйлады.

Чемпионаттағы алғашқы тең ойынын өткізген "Қайрат" 25 ұпаймен көш басында қала береді. "Оқжетпес" 6 ұпаймен 10-орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×