2022 жылдың 19 сәуірінде ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
Қазақстан Премьер-лигасы, 6-тур
«Қызыл-Жар» - «Ақтөбе»
Тәртіптік регламентінің 63-бабының 2-тармағына сәйкес матч алдында жанкүйерлердің айғайлап әдепсіз сөздер айтқаны үшін «Ақтөбеге» 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Клуб айыппұлды 2022 жылдың 19 мамырына төлеуі тиіс.
«Тұран» - «Ордабасы»
Тәртіптік регламенттің 63-бабының 2-тармағына сәйкес матч соңында алау жағуып, жөнсіз қылық көрсеткені үшін «Ордабасыға» 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Шымкенттік клуб айыппұлды 2022 жылдың 19 мамырына дейін төлеуі қажет.
«Тобыл» – «Қайрат»
Дөрекі ойнап, шектен тыс күш қолданғаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Қайрат» командасының ойыншысы Арсен Бораншыев екі матчқа қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 17 сәуірінен бастап есептеледі.
«Ақжайық» – «Астана»
«Астана» командасының бас бапкері матчтан кейінгі баспасөз мәслихатына қатыспай, Техникалық регламенттің 3-бабының 3.8-тармағын бұзғаны үшін 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Елордалық клуб айыппұлды 2022 жылдың 19 мамырына дейін төлеуі тиіс.
«Тараз» - «Шахтер»
Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, шектен тыс күш қолданып, қауіпті ойнағаны үшін «Шахтер» командасының ойыншысы Михаил Габышев үш матчтан шеттетіледі. Жаза мерзімі 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап есептеледі.
Біздің серіктес: FONBET