«Қайрат» пен «Тобыл» жеңімпазды анықтай алмады

29.06.2021, 02:00
Бұл ойында автоголға және қызыл қағазға куә болдық.
«Қайрат» пен «Тобыл» жеңімпазды анықтай алмады

"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының он сегізінші турында "Қайратты" қабылдады. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің 23-минутында "Қайрат" шабуылшысы Артур Шушеначев есеп ашты. Бірақ 53-минутта Руслан Валиуллин таразы басын теңестірді. 66-минутта Раде Дугалич өз қақпасын дәл көздеп, "Тобылды" алға шығарды. 73-минутта Серікжан Мужиков алаңнан қуылды. Осыны пайдаланған Вагнер Лав үш минуттан кейін қанжығасын майлады.

"Тобыл" бұл ойыннан кейін 39 ұпаймен көш басында қала берді. Алматылық клуб 34 ұпаймен үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×